АҚШ маймыл шешегін жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орынға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттары маймыл шешегін жұқтырудың жекелеген елде тіркелген жағдайларының саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы АҚШ-та вирустық аурудың таралуы туралы деректерді жаңартты. Соңғы мәліметтер бойынша, елде маймыл шешегін жұқтырудың 3 487 жағдайы анықталды. Жағдайлардың ең көп саны Нью-Йорк (990), Калифорния (356) және Иллинойс (344) штаттарында тіркелді.

Инфекцияны жұқтыру жағдайларының көбеюі тестілеуді өткізу үшін мүмкіндіктердің кеңеюі аясында және әлемде аурудың өсуіне байланысты орын алады. Сарапшылар инфекцияны жұқтырудың нақты саны айтарлықтай жоғары болуы мүмкін дейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлемде маймыл шешегінің таралуын тоқтатуға болады деп санайды. Бұл туралы ДДҰ шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта біз маймыл шешегінің өршуін қажетті топтарға қатысты дұрыс стратегияларды қолдану арқылы тоқтатуға болады деп санаймыз, бірақ уақыт өтіп жатыр және бұл үшін бәріміз бірігуіміз керек», - деді Льюис.

Ол ДДҰ шешекпен күресудің жаһандық үйлестіру тетігін жасап жатқанын, бірақ әзірге бәрі талқылау деңгейінде екенін айтты.

Парижде Франциядағы алғашқы маймыл шешегіне қарсы вакцинациялау орталығы ашылды. Күн сайын 200-300 адамды егу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Францияда 1700 жағдай тіркелген. Парижді қала маңымен қамтитын Иль-де-Франс аймағы ең проблемалы болып саналады. Мұнда вакцинаның шамамен 300 мың дозасы қажет, дейді мамандар.

Бұған дейін билік қауіпті топтардың өкілдерінен маймыл шешегіне қарсы екпе алуды өтінген. Мұндай топтарға ең алдымен гомосексуалдар, трансгендер және жезөкшелікпен айналысатын адамдар кіреді.


Соңғы жаңалықтар