АҚШ: Мексика шығанағына екінші жойқын дауыл таяп келеді
Мексика шығанағы жағалауында «Марко» дауылы өткен жексенбіде күшейе түсті. Түнде дауыл әлсіреп қалды, оған қатты соққан желдің әсері болды. Дүйсенбіде Марко дауылы Луизиана жағалауына жетеді деп болжанған.
«Лаура» тропикалық дауылы АҚШ материгіне қарай жақындап келеді, ол жеткенше күшейеді және сәрсенбі немесе бейсенбі күндері АҚШ жағалауларына жетуі мүмкін. «Лаура» Луизиана жағалауына да жетуі ықтимал.
Луизианаға соқпай тұрып, «Лаура» дауылы 3-ші санатқа көтерілуі мүмкін, дауылдан мұхиттан келетін тасқынның биіктігі үш метрге дейін күшеюі ықтимал.
Метеорологтар екі дауыл бір штатқа бірінен кейін бірі соққы беретін жағдайдың бұрын-соңды болмағанын атап өтті. Қазіргі метеорология тарихында алғаш рет екі дауыл бір бағытта 48 сағат бойы өршіп тұрғаны атап өтілді.