АҚШ Мексика тауарларына баж салығын тоқтатты

АТЫРАУ. KAZINFORM – Тоқтату туралы шешім бір ай бойы күшінде қалады, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Мексика тауарларына баж салығын тоқтатты
Фото: Jim Allen / FreightWaves

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Вашингтонның мексикалық тауарларға енгізген 25 пайыздық баж салығын бір айға тоқтататынын мәлімдеді. 

- Бұдан былай [АҚШ енгізген] тарифтер бір айға тоқтатылды, - деп жазды Шейнбаум X желісіндегі парақшасында. 

Шейнбаум АҚШ президенті Трамппен әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынас пен Мексиканың егемендігіне үлкен құрмет көрсетілгенін айтты. 

- Мексика Мексикадан АҚШ-қа есірткі тасымалының, әсіресе фентанилдің алдын алу үшін 10 000 Ұлттық гвардия әскерімен солтүстік шекараны дереу күшейтеді, - деді Шейнбаум. 

Оның сөзінше, Америка Құрама Штаттары Мексикаға заңсыз қару-жарақ жөнелтілуіне жол бермеуге тырысады. 

- Бүгіннен бастап біздің командалар екі бағытта жұмыс істей бастайды: қауіпсіздік және сауда, - деді Мексика президенті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Иордания королі Абдалла II келесі аптада Ақ үйде Трамппен кездесетінін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар