АҚШ мектебіндегі атыс: оқ жаудырмас бұрын қылмыскер-оқушы өз құрбандарын бірге ас ішуге шақырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Вашингтон штатында мектеп асханасында оқ атқан америкалық жасөспірім Джейлен Фрайберг өзінің құрбандарын ланчқа шақырғанын жергілікті полиция анықтады, деп жазады Би-би-си.

АҚШ мектебіндегі атыс: оқ жаудырмас бұрын қылмыскер-оқушы өз құрбандарын бірге ас ішуге шақырған

Бұл оқиға Сиэттлдан солтүстікке қарай Мэрисвилл қаласының мектебінде орын алды. 15 жастағы Джейлин бір столда отырған өзінің бес сыныптасын атып тастады. Содан кейін өзін-өзі атып өлтірді.

17 жастағы қыз оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір оқушы қыз сенбі күнгі алған жарақаттарынан кейін қаза болды. Тағы үш жасөспірім ауруханада жатыр, олардың екеуінің жағдайы ауыр.