АҚШ: Мектептегі атыстың салдарынан бір оқушы ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз адам американдық Орегон штатындағы мектептің бірінде оқ атып, соның нәтижесінде кем дегенде бір оқушы көз жұмды, деп жазады ВВС.
Полицияның хабарлауынша, қазіргі кезде оқ атқан адам да қаза болды.
Бұл оқиға Траутдэйл қаласында орын алған көрінеді. Оқушылардың барлығы ғимараттан шығарылып, қауіпсіз жерге орналастырылды.
Әзірге мектептегі осы оқиға бойынша толық ақпарат хабарланбай отыр.