АҚШ мемдепартаменті М.Аббастың сөзін қорлау деп бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас-тың БҰҰ-дағы сөзін қорлау деп бағалады, деп жазады ВВС.

АҚШ мемдепартаменті М.Аббастың сөзін қорлау деп бағалады

Псакидің айтуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясындағы Аббастың сөзі бейбітшілік үшін жасалып жатқан күш-қайраттың бетін қайтарды. Айта кетейік, БҰҰ-да М.Аббас Израиль әскери қылмыскерлерінің жасағанын палестиналықтар ешқашан ұмытпайды, кешірмейді және олар жазадан құтылмайды деген болатын. Сонымен қатар, ол Израиль билігін Газа секторында геноцид жүргізді деп айыптады. Израиль мен Газа арасындағы әскери қақтығыс 50 күнге созылып, 2000 палестиналықтың өмірін қиды. Онда 73 израильдік қаза тапты.