АҚШ мемлекеттік департаменті: «Ислам мемлекеті» Интернеттегі ақпараттық соғыста ұтып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ басқарған лаңкестікке қарсы коалиция Интернеттегі «Ислам мемлекеті» тобының насихатына тиімді қарсы тұра алмай отыр. Бұл туралы американдық New York Times газетінде жарияланған АҚШ мемлекеттік департаментінің ішкі құжаттары айғақтайды.
Журналистердің қолына Парижде осы айдың басында өткен Ислам мемлекетіне қарсы әскери операцияларға қатысушы-елдердің кеңесінен кейін жазылған АҚШ мемлекеттік хатшысының ашық дипломатия және жұртшылықпен байланыс жөніндегі орынбасары Ричард Стенгелдің қызметтік хаты түскен. Стенгел құжатта өзінің бастығы - АҚШ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Джон Керриді «коалиция ішкі және сыртқы коммуникацияны жақсы қолдай алмай отырғаны» туралы хабардар еткен.
«Егер сыртқы коммуникация туралы айтар болсақ, біз Ислам мемлекетінен ұтылып отырмыз, - дейді мемлекеттік хатшының орынбасары. - Біз әрекет етуге шоғырланғанбыз, біз Ислам мемлекетіне бұл салада қалай қарсы тұруымыз қажеттігі жөнінде ойламаймыз». Стенгелдің атап өтуінше, коалицияның басқа да қатысушылары бұл жағдайды шұғыл түзетуге тырыспай отырғанын атап өткен.
New York Times осы қызметтік хатқа түсіндірме жасай отырып, «Мемлекеттік департаменттің ішкі жағдайды бағалауы көңілсіз суретті баяндайды, Обама әкімшілігінің және оның шетелдік одақтастарының әрекетсіздігін алға тартады. Сірә, колалицияның Ислам мемлекетінің насихат машинасына қарсы күресі тиімді емес, «коалиция бытыраңқы және өз ұстанымдарын айқын білдіре алмай отыр», деп жазды.
Осы жылғы ақпан айында газет АҚШ Ислам мемлекетіне қарсы ауқымды ақпараттық науқан өрістетуге ниетті екенін жазған болатын. «АҚШ президенті әкімшілігінің Ислам мемлекетінің насихат машинасымен күресінде, лаңкестік топ тиімділігі жағынан болсын, жаңа мүшелер мен қаржыландыру жағынан болсын АҚШ пен оның одақтастарына қарсы көп жұмыс жүргізгені мойындалған.