АҚШ Мемлекеттік департаментінде мұсылман жігіті жұмысқа тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-ның мемлекеттік департаментінің мұсылман ұйымдары жұмысына жауапты арнайы өкілі болып техастық Шарик Зафар тағайындалды, деп жазады muslim.kz.
None
None

Қазіргі кезде құқыққорғаушы болып қызмет атқаратын Зафар ондаған жылдар бойы федеральды агенттік шыңдауынан өтіп, адам құқықтары мен мұсылман әлемінің түйткілдері бойынша білім жинаған.

«АҚШ үкімет құрамындағы мұсылмандарға қатты сене бермейді», - дейді Зафардың өзі қызметтік тағайындауға қатысты берген сұхбатында.

Жаңа жұмысына кірісу үшін Зафар Мемлекеттік департаменттің былтырғы жылы ғана ашылған жаңа бөлімшесіне ауысатын болды. Ол жерде оның қарамағында 25 маман жұмыс атқарады.

Жаңа қызметке тағайындалған техастық құқыққорғаушының алдында айтарлықтай жауапты тапсырма күтіп тұр. Олардың ең алғашқысы -мұсылман жамағаты алдында Барак Обама беделін қалпына келтіру. Рамазан айында Ақ үйде жайылған ауызашар дастарханында Израиль елшісі сөз сөйлеп, іле-шала Обаманың оны жақтағанын мұсылман жамағаты әлі ұмыта қойған жоқ.

Соңғы жаңалықтар