АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды

Бұл туралы muslim.kz хабарлады.

Мұхиттың арғы жағынан келіп отырған қонақты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз күтіп алып, қасиетті құлшылық ордасының атынан арнайы сыйлық табыстады.

Айта кетейік, АҚШ хатшысы елімізге Орталық Азияның 5 мемлекетіне сапары аясында келіп отыр. Бұған дейін ол Қырғызстан мен Өзбекстанда болып, өңірдегі өзекті мәселелер бойынша өткен келіссөздерге қатысқан болатын.