АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Угандадағы жарылысты айыптады

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Угандадағы жарылысты айыптады, деп хабарлайды АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

«Уганданың Кампала қаласындағы футболдан әлем чемпионатының финалын тамашалауға жиналған бейбіт көрермендерге бағытталған жарылысты қатаң айыптаған Президент Обаманың пікіріне мен де қосыламын.

Бұл жарылыстан Америка азаматтары жарақат алған немесе қаза тапқан болуы мүмкін екенін жақсы түсінеміз және біздің елшілік көмек көрсетуге күш салып жатыр. Жарылыс құрбандарының Америка Құрама Штаттарындағы және Угандадағы жақындарына және достарына қайғырып, көңіл айтамыз.

Осы бір қаралы сағатта Америка Құрама Штаттары Уганданың қасынан табылады. Уганда халқымен және үкіметімен арада бұрыннан келе жатқан жақын достығымыз бар және біз бұл қылмысты орындаушыларды әділ жазаға тартқызу жолында бірлесе жұмыс істейтін боламыз», - делінген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар