16:04, 25 Қаңтар 2020 | GMT +5
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қазақстанға қашан келетіндігі белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1-2 ақпан күндері АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан астанасына с
апарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«2020 жылғы 1-2 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның Нұр-Сұлтан қаласына сапары жоспарлануда. Сапар аясында М. Помпеоның мемлекет басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесулері қарастырылған. Кездесулерде екіжақты және өңірлік ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.
Айта кетейік, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Нұр-Сұлтан қаласына 2020 жылғы 5 қаңтарда келуі тиіс еді.
Алайда Ирактағы жағдай мен америкалықтардың Таяу Шығыстағы құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл сапар кейінге қалдырылды.