АҚШ Мемлекеттік хатшысы твиттерде Қазақстандағы сапарынан суреттер жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат –АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстандағы сапарының суреттерін твиттерде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы твиттерде Қазақстандағы сапарынан суреттер жариялады
Фото: twitter.com/SecBlinken
«Екі жақты қарым-қатынастар мен Қазақстандағы реформа бағдарламаларын қолдайтын ведомствоаралық топқа алғыс айтамын. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің командасы екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға күш салып келеді», - деп жазды Энтони Блинкен твиттерде.

Еске салсақ бүгін таңертең АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш сапармен келді. Мәртебелі мейман сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді.

Сонымен қатар ол еліміздің бас қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған.