АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Р. Блейк Қырғызстанда жүр - келіссөздің күн тәртібінде «Манас» әуежайындағы авиабаза мәселесі

БІШКЕК. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Бішкекте Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейкті қабылдады.
None
None

Тараптар Қырғызстан мен АҚШ арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында «Қырғызстан АҚШ-пен ұзақ уақытқа ынтымақтастық және достық қарым-қатынас орнатуға мүдделі», - деп атап өтті А. Атамбаев.

Республикада АҚШ әскери күштерінің болуы жайлы сөз қозғаған Қырғызстанның басшысы 2014 жылдың жазынан кейін «Манас» әуежайында әскер қатысуынсыз азаматтық жүктерді тасымалдау бойынша орталық құру керектігін атап өтті.

Р. Блейк өз кезегінде Ауғанстанда экономиканың қайта дамуы мен бейбіт өмір сүруді қалпына келтіру мәселесінде Қырғызстанның рөлін жоғары бағалай отырып, АҚШ басшылығының атынан Алмазбек Атамбаевқа алғысын білдірді.

Тараптар сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық, жағымды инвестициялық ахуалды құру, лаңкестік, экстремизм сияқты қазіргі заманғы әлемдік қауіптермен күресте көмек көрсету мәселелерін талқылады.

Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесудің қорытындысы бойынша А. Атамбаев пен Р. Блейк сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тиімді кеңейтудің, оның ішінде Қырғызстанның өңірлік жобаларын іске асыруда АҚШ-тың қатысуы қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар