АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қырғызстанда транзиттік тасымал орталығының құрылуына ризашылығын білдірді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қырғыз Президентінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, өткен кездесу барысында Қ.Бакиев, қырғыз-американ қарым-қатынастарының табысты дамып отырғанын атап көрсетті. Және АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының сапары өзара қарым-қатынасты ұзақмерзімдік келешекке әрі қарай бағыттауға жаңа серпін беретіндігіне үміт білдірді.
У.Бернс Қырғызстан басшысына АҚШ Президенті Барак Обаманың сәлемін жеткізді, сондай-ақ Қырғызстанда транзиттік тасымал орталығы туралы келісімге қол қойғаны үшін оның атынан ризашылығын білдірді. «Аталмыш келісім біздің елдеріміздің ғана емес, жалпы аймақ елдерінің де мүдделеріне сай келеді. Америка тарабы лаңкестікпен және экстремизмен күресуге бағытталған Қырғызстанның күш-жігерін жоғары бағалайды», - деді У.Бернс өз сөзінде.