АҚШ Мемлекеттік департаменті қазақ халқына көңіл айтты

Қарағанды облысында шахтерлардың қаза болуына байланысты Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшілігінде Мемлекеттік ту төмен түсірілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

 шахтерлар
Фото: Рүстем Кожыбаев/Kazinform

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы Қарағанды облысындағы шахтада болған адамдардың өліміне қатысты хабарды ерекше күйзеліспен қабылдады және марқұм болған азаматтардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің барлығының сауығып кетуін тіледі.

Қазақстан халқына АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Құрама Штаттарда акредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері де көңіл айтты.

шахтерлар
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform

Қазақстандағы қайғылы жағдай қабырғасын қайыстырған барлық адамдарға арнап «Көңіл айту кітабы» қойылды.

Госдепартамент США выразил соболезнования казахскому народу
Фото: Фото: Рустем Кожыбаев/Kazinform