АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Түркия Сыртқы істер министрі Газа секторындағы жағдайды талқылады

блинкен
Фото: Анадолу

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кездесу өткізді. Kazinform бұл туралы Aнадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Блинкен Х әлеуметтік желісінде атап өткендей, әңгіме барысында олар Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысы мен оның аймақтың басқа жерлеріне таралмауын қамтамасыз ету әрекеттері, қалған тұтқындарды босату қажеттілігі және гуманитарлық көмекті жеткізу мәселелерін талқылады.

Мемлекеттік хатшы Түркияның Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдауының маңыздылығын да атап өтті.

“Біз американдық әріптестерімізге Газа секторындағы жағдайға қатысты өз ұстанымымызды өте анық айтамыз. Біз оларға (АҚШ-қа) мұндағы жағдайдың күрделілігін, бұдан былай толеранттылық болмайтынын және осыған байланысты қандай қадамдар жасау керектігін анық айттық», - деп мәлімдеді әңгімеден кейін сөз алған Фидан.

Фидан Блинкенмен кездесуде олар Швецияның НАТО-ға мүшелігі мәселесін де талқылағандарын айтты.

“Әрине, біздің мұндағы ұстанымымыз анық: НАТО-да жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде біздің Президент пен Швеция премьер-министрі үшжақты саммитте болды. Біз жұмыс істеп жатқан мәселелер бар», - деді Блинкен, шешімді Түркия парламенті қабылдайтынын қосып өтіп.

Соңғы жаңалықтар