АҚШ Моңғолияға елден заңсыз алып кеткен 18 динозаврдың сүйегін қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сүйектің жасы 68-80 млн. жыл бұрын өмір сүрген деп бағалануда, олар шөл даладан табылған.

АҚШ Моңғолияға елден заңсыз алып кеткен 18 динозаврдың сүйегін қайтарды

АҚШ билігі Моңғолияға 18 динозаврдың сүйегін кері қайтарды. Оларды елден контрабандалық жолмен алып кеткен. Бұл туралы бейсенбі күні Нью-Йорктің Оңтүстік округінің федералдық прокуроры Приит Бхарара арнайы рәсімде хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Жасы 68-80 млн. жылға бағаланған динозавр сүйектері Моңғолия аумағындағы Гоби шөл даласынан табылған. Олардың ішінде екі тарбозавр мен бір протоцератопстың қаңқасы бар, құс тәріздес овирапторлардың сүйектері жақсы сақталған, сондай-ақ тасқа айналған динозаврдың жұмыртқасы бар.

Ұрлықшы 2012 жылғы қазанда тұтқындалды және бірден өз кінәсін мойындады. Американдықты үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұрды. Алайда АҚШ билігінің көмегі үшін прокуратура оның жазасын жұмсартты.

2012 жылы мамырда қолды болған қаңқа Нью-Йоркте аукционда 1,05 млн. долларға сатылған. Мәміленің заңсыздығына Моңғолия үкіметі шағымданды, тергеу жүргізгеннен кейін барып олар еліне қайтарылды.