АҚШ мұхиттың үстінде ұшып жүрген Қытай аэростатын атып түсірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Каролина жағалауында Атлант мұхитының үстінен ұшып бара жатқан Қытай аэростаты атып түсірілді. Қазір суға түскен қалдықтарды тазарту операциясы жүріп жатыр. АҚШ президенті Джо Байден ұшқыштарды тапсырманың сәтті орындалуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін АҚШ аспанында жұмбақ шар пайда болып, оны Пентагон тыңшылық жасап жүрген Қытайдың объектісі деп мәлімдеген.

Осыған байланысты АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайға сапарынан бас тартқан болатын.

Бейжің мұның қате екенін айтып, асығыс шешім қабылдамауға шақырды.

«Қытайдың Америка Құрама Штаттарының үстінен барлау аэростатын ұшыру шешімі ақылға сыймайды, бұл - жауапсыздық. Мәселе осында. Бұл - біздің егемендігімізді бұзу. Бұл - халықаралық құқықты бұзу. Жоспарланған сапар алдындағы мұндай қадам біз талқылаймыз деп отырған тақырыптарға, келіссөзге зиянын тигізеді», - дейді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Энтони Блинкен АҚШ-тың Қытаймен дипломатиялық байланысқа мүдделі екенін және мүмкіндік болған кезде Бейжіңге баруды жоспарлап отырғанын айтты.

Сонымен қатар, АҚШ Қытаймен байланыс арналарын үнемі ашық ұстайды.

Бұған дейін сенбі күні Қытай билігі әуе шарының АҚШ әуе кеңістігіне кездейсоқ өтіп кетуіне байланысты АҚШ-тың шабуылдары мен жапқан жаласына төзбейтінін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар
telegram