АҚШ мұсылман әлемін дамытуға бағытталған шаралардың жаңа бағдарламасын ұсынады - Хиллари Клинтон

АСТАНА.  Қарашаның  4-і. ҚазАқпарат -  АҚШ  өкіметі мұсылман әлемімен қарым-қатынастағы жаңа   кезеңді бастау   туралы  президент Барак Обаманың    уәдесін  ұстанатын  болады.

АҚШ мұсылман  әлемін дамытуға бағытталған     шаралардың жаңа  бағдарламасын  ұсынады  - Хиллари Клинтон

Бұл туралы  сейсенбі күні Марокконың  Марракеш қаласында      өткен  «Келешекке арналған   форумда» АҚШ мемлекеттік  хатшысы Хиллари Клинтон мәлім етті,  деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.

 Мемлекеттік  хатшының айтуынша,   Вашингтон   ислам әлеміндегі кәсіпкерлікті  ынталандыруға,     экономика  мен білім    беру  саласын дамытуға бағытталған     жаңа бастамалар   ұсынуды  жоспарлап отыр.  Ол ұсыныстар   сонымен бірге,   ғылыми-техникалық  ынтымақтастықты   қолдауға,       мұсылман қоғамдарындағы  әйелдердің ролін    көтеруге   және   түрлі  діни  конфессиялар өкілдерінің арасындағы диалогты дамытуға      бағытталатын болады,  деді   Х.Клинтон.