АҚШ Мысырдан 1 мың 200, Қытай 480 азаматын көшірді
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ Мысырдан 1 мың 200 азаматын көшірді. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттің департаменті мәлімдейді, деп хабар таратады РБК.
Таяуда америкалық әуе компаниялар 9 шұғыл рейс жасап, америкалықтарды Каирдан көрші елдер - Түркия, Грекия және Кипрге жеткізді. Reuters хабарлағандай, Мысырдағы АҚШ елшілігіне тағы 2 мың 600 Құрама Штаттар азаматы елден кеткісі келетінін мәлімдеген. АҚШ елшілігінің ақпараты бойынша, Мысыр аумағында шамамен 52 мың американдық бар.
Кеше Air China және Hainan Airlines әуе компанияларының екі ұшағы Каирге шұғыл рейстер жасап, Мысырдан ҚХР-дың елге кеткісі келген 480 азаматын көшірді.