АҚШ «Набукко» жобасы Орталық Азия елдері үшін де маңызды деп санайды

ТАШКЕНТ.   Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Анкарада   қол қойылған «Набукко»     газ құбыры  жобасы  бойынша     келісімге   қолдың  қойылуы    тек Еуропа мен  Кавказ  елдері  үшін  ғана маңызды емес.
None
None

Аталмыш жоба   Орталық  Азия  елдері үшін де  маңызды,  деп санайды АҚШ Мемлекеттік  хатшысының    саяси мәселелер  жөніндегі  орынбасары Уильям Бернс.

Дүйсенбі күні  Ташкентте  журналистермен болған  кездесуде  ол, «Анкарадағы  оқиғаның   «Набукко»  жобасы  үшін  алға жасалған маңызды қадам  екенін»  атап көрсетті. Бұл  - аймақтағы     энергетикалық  мәселелерді шешудің    оңтайлы  және   тиімді   жолы», дейді    У.Бернс.

Шілденің 12-13-інде Өзбекстанда  жұмыс сапарымен болған Уильям Бернс, онда ел  Президенті Ислам Каримовпен, басқа  да   саясаткерлермен кездесті. «ӨзА» агенттігінің   хабарлауынша,    кездесулер барысында екіжақты   және  көпжақты  ынтымақтастық мәселелер бойынша пікірлер  алмасылды.

Естеріңізге  сала  кетейік, кеше Анкарада Түркия,  Австрия,  Болгария, Румыния  және Мажарстан  елдері  «Набукко»  (Nabucco) құбыр желісі    бойынша  үкіметаралық  келісімге  қол  қойды. «Набукко»   жобасы    Ресейді айналып  өтіп, Түркия арқылы Еуроодақ елдеріне  Каспий аймағынан газ  жеткізуді   қарастырады.   Құбыр желісінің    жобалық қуаты -    жылына   31 миллиард текшеметр,  ал құны -  8,6 миллиард еуро.     Жобаны 2014-2015 жылдары   жүзеге асыру жоспарланып  отыр.  Құбырдың  ұзындығы - 3,3 мың  шақырым.

Соңғы жаңалықтар