АҚШ «НАТО 3.0» тұжырымдамасына көшуді ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Еуропадағы америкалық әскерлердің болашақтағы орналасуын талдау мақсатында арнайы шолуды бастады. Бұл туралы Брюссельде өткен НАТО елдерінің қорғаныс министрлері кездесуінде Пентагон басшысы Пит Хегсет мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолу.
Оның айтуынша, АҚШ одақтастарымен бірге қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік саласындағы өзгерістерді ескеретін «НАТО 3.0» тұжырымдамасын әзірлеу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.
Пит Хегсеттің сөзінше, бұл тексеру Солтүстік Атлантика альянсының Еуропадағы жетекші рөлін нығайтуға, өңір қорғанысы үшін блоктың жауапкершілігін арттыруға және АҚШ күштерінің жаһандық қажеттіліктерге сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ол сондай-ақ Еуропадағы америкалық әскери күштер мен базалардың орналасуын қайта қарау процесі алты айға дейін созылатынын айтты.
Сонымен қатар АҚШ қорғаныс министрі Вашингтонның кейбір одақтастары бұл тексеруден өте алмайтынына сенімді екенін жеткізді.
Еске сала кетсек, АҚШ пен Иран алдын ала бейбіт келісімге қол қойғанын жаздық. Ал осы келісімнен кейін әлемдік мұнай бағасы төмендеді.