АҚШ өкілі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде КХДР-ға жаңа санкциялар қолдануды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ядролық сынақтарды ұйымдастырумен және өзге де заңсыз әрекеттері арқылы Солтүстік Корея өзінің соғыс ашуға бейім екенін айқын танытты. Бұл туралы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында АҚШ-тың аталмыш халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлім етті, деп хабарлады segodnya.ua «Укринформ» агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

«Ким Чен Ынның ядролық қару арқылы дөң-айбат көрсетуі - оның соғысты қалап тұрғынан көрсетеді»,-деді Хейли.

Ол сонымен қатар АҚШ-тың солтүстіккореялық режиммен әскери қақтығыстарды мүмкіндігінше болдырмауға тырысатынын, алайда олардың төзімі шексіз емес екенін жеткізді.

«АҚШ соғысты қаламайды және біз қазір де осы ұстанымдамыз. Алайда біздің мемлекетіміздің төзімі шексіз емес. Біз өзіміздің одақтастарымызды және территориямызды қорғаймыз»,-деді дипломат.

Сонымен қатар Хейли КХДР-дың әрекеттерін қорғаныс мақсатында жасалып отыр деу қиын екендігін айтты.

«Ол өзін ядролық держава ретінде мойындалғанын қалайды. Алайда бұл мәртебе қаруды өзгелерді қорқыту үшін пайдалану дегенді білдірмейді. Ядролық мемлекеттер өздерінің жауапкершіліктерін сезінеді. Ким Чен Ын болса, осы жауапкершілікті танытуға ұмтылмайды да»,-деп қорытты АҚШ өкілі.

Айта кетейік, дүйсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Ол АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея өкілдері тарапынан КХДР-ның ядролық сынақ өткізуіне байланысты шақырылды.

Соңғы жаңалықтар