АҚШ Оман шығанағында Иранның жүк кемесін басып алды
АСТАНА. KAZINFORM — Экипаж мүшелері бағынудан бас тартқандықтан, америкалық әскери кеме оларды тоқтатты, деп хабарлайды ТАСС.
АҚШ қарулы күштері Иранның жүк кемесін Оман шығанағында теңіз блокадасын бұзуға әрекеттенгені үшін басып алды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.
— АҚШ Әскери-теңіз күштерінің USS Spruance ракеталық эсминеці Оман шығанағында Touska атты ирандық кемені ұстап, тоқтау жөнінде нақты ескерту жасады. Иран экипажы бағынудан бас тартты, сондықтан біздің әскери кеме машиналық бөлімге зақым келтіріп, оларды тоқтатты, — деді келтірді БАҚ Трамптың сөзін.
Президенттің айтуынша, қазір АҚШ теңіз жаяу әскерлері бұл кемені бақылауға алған.
Бұған дейін қақтығыс басталғалы бері алғаш рет круиздік кеме Ормуз бұғазы арқылы өткендігі хабарланған.
Сондай-ақ Иранда Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелер үшін транзиттік төлемдерді ұлттық валюта — риалмен есептеуге көшіру ұсынылған болатын.