АҚШ өнерпаздары Ақтауда өнер көрсетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауға АҚШ әуе күштерінің өнерпаздары келді. Олар қарттар үйіне барып, өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өнерпаздар рок, поп, рок-н-ролл жанрында ән айтып, би биледі. Бұл топ, осы уақытқа дейін Алматы, Нұр-Сұлтан, Орал облыстарына барып мәдени кеш ұйымдастырған. Енді, Атырауға бармақ.

«Біздің топ - АҚШ әскери күштерінің құрамынан жасалған. Біздің мақсатымыз - америкалық мәдениет пен музыкалық бағыттарды сіздерге ұсыну. Тек Ақтау қаласында емес, Қазақстанның басқа да қалаларына барып, қарым-қатынасты нығайтқымыз келеді», - дейді АҚШ елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташе орынбасары Лэн Эриксон.

Соңғы жаңалықтар