АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония әскери-теңіз күштері алғаш рет бірлескен оқуларын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияның Әскери-теңіз күштері жаз айында алғаш рет бірлескен зымыранға қарсы қорғаныс оқуларын өткізеді, деп хабарлады ТАСС.

АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония әскери-теңіз күштері алғаш рет бірлескен оқуларын өткізеді

Жергілікті «Асахи» газеті хабарлағандай, оқулар Гавай аралдары аумағында өтеді. Басылымның жазуынша, бұл Оңтүстік Кореяның Азиядағы жапониялық-америкалық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне қосылуын білдіреді. Бұған Қытай тарапынан наразылық тууы мүмкін.

Газет ақпаратына сүйенсек, үшжақты оқулар АҚШ өз одақтастарымен үнемі Гавай аралдарында өткізетін Rimpac көпсалалы әскери-теңіз маневрлері аясында ұйымдастырылады. Биылғы оқу маусым-тамыз айларында өтеді.

Мұндай оқуларды өткізу туралы келісімге 19 сәуірде үш елдің қорғаныс министрлері орынбасарларының қатысуымен Сеулда өткен кеңесте қол жеткізілді.