АҚШ Оңтүстік Кореяға жойғыш ұшақтарды аттандырды
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ Оңтүстік Кореяға бірнеше Ф-22 жойғыш ұшағын аттандырды.
Би-Би-Сидің жазуынша, әскери оқу-жаттығу мақсатында.ұшақтардың аттандырылуы Пхеньян мен Сеул арасындағы күшейіп келе жатқан қыр көрсетулерден дейін жасалды. Бұған дейін КХДР билігі Оңтүстік Кореямен соғыс жағдайына түсетіндігін мәлім еткен болатын.
Америкалық әскерилердің мәліметінде Пхеньян қоқан-лоқы көрсетумен және арандатушылығымен ештеңеге қол жеткізе алмайды және мұндай жағдай КХДР-дың оқшаулануын күшейте түседі.