Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ Оңтүстік Қытай теңізіне зымыранды эсминецтерін жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Stethem зымыранды эсминецтерін Оңтүстік Қытай теңізіне жіберді, деп хабарлайд Риа Новости.

АҚШ Оңтүстік Қытай теңізіне зымыранды эсминецтерін жіберді

Аталмыш шешім КХДР ядролық қаруды сынақтан өткізуі мүмкін деген қауіпке байланысты қабылданған, деп хабарлады америкалық әскери теңіз күштерінің баспасөз қызметі.

«Йокосукеде жүрген Stethem зымыранды эсминеці Оңтүстік Қытай теңізінде өте күрделі операцияларды жүзеге асыруда»,-делінген хабарламада.

Флот өкілі Роберт Клиннің айтуынша, бұл іссапар экипаж мүшелеріне шешуші өңірлерде миссияларды жүзеге асыруда маңызды тәжірибе жинауқтауға көмектеседі.

Осыған дейін АҚШ Корей жартылай аралына «Карл Винсон» авианосеці бастаған соққы беруші топты жіберген болатын.

БАҚ мәліметтері бойынша, Вашингтон ядролық сынақтардың тыю үшін КХДР-ға превентивті соққы беруі мүмкін. Солтүстік Корея өкілдері болса, америкалық әскери базалар мен президенттің Сеулдегі резиденцииясына шабуылдайтынын айтып, қоқан-лоқы жасап отыр.