АҚШ: Өзбек азаматы сотта ИМ-ге қолдау көрсеткенін мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Нью-Йорк тұрғыны болып табылатын өзбек азаматы Ирак және Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына материалдық көмек көрсетпек болғанын мойындады.
None
None

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 25 жастағы Әбдірасул Хасанұлы Джурабоев 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

2014 жылдың тамыз айында ол ғаламторда егер «Ислам мемлекетінен» тиісті бұйрық алса, АҚШ президенті Барак Обамаға қастық әрекет жасауға немесе Кони Айленд аралындағы шипажайлық аймағында жарылыс жасауға дайын екені туралы хабарлама жариялаған.

Джурабоев ағымдағы жылдың ақпан айында Бруклиндегі үйінде ұсталды. Сол уақытқа дейін ол Түркияға наурыз айында ұшу билетін сатып алған - тергеудің шамалауынша, Джурабоев одан Сирияға жетіп, жихадшылардың қатарына кіргісі келді, деп хабарлайды Би-би-си.

Джурабоевпен бірге лаңкестікке қатысы бар деп күдікке алынып отырған тағы төрт адам қамауға алынды. Қалған ұсталғандар сотта өз кінәсін мойындаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар