АҚШ өзінің азаматтарын Йеменнен кетуге шақырып отыр
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ мемлекеттік департаменті лаңкестік шабуылдың жоғары қаупіне байланысты Йемендегі елшілік қызметкерлерін көшіру жөнінде бұйрық берді.
ВВС-дің жазуынша, АҚШ сонымен қатар өз азаматтарын Йеменнен жедел түрде кетуге шақырды. Жексенбі күні АҚШ-тың Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы көптеген елдерінде, соның ішінде Йеменде дипломатиялық және консулдық мекемелері жабылды.
Бұл шаралар АҚШ-тың арнайы қызметі «Әл-Каида» көшбасшысы Айман Завахири мен Йемендегі ұйым басшысы Насер Вухайшидің арасындағы хат алмасудың мән-жайын біліп алғаннан кейін жасалып отыр.