АҚШ пен Еуропалық Одақ банктер мен компанияларды Иранмен ынтымақтасуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік банктер мен компаниялар Иранмен заңды бизнес жүргізуден бас тартпауы тиіс, делінген Брюссельдегі келіссөздерден кейінгі АҚШ, ЕО, Франция, Британия және Германия келіссөздері бойынша отырыс мәлімдемесінде.
«Егер олар заңды сақтаған жағдайда Халықаралық фирмалар немесе қаржы институттарының Иранмен ынтымақтастық орнатуына кедергі келтірмейміз», - делінген хабарламада.
Иранмен арадағы ядролық келісім талаптары бойынша Тегераннан бұрын АҚШ пен ЕО салған барлық санкциялар алынады. Алайда Вашингтон Иранның зымыран бағдарламасына және оның Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстарға қатысуына қарсы жаңа санкциялар енгізді.
АҚШ пен ЕО мәлімдемесіне сәйкес, еуропалық және өзге де халықаралық банктер мен компаниялар Иранмен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр.
Құжатта АҚШ пен Еуроодақ Иран экономикасына инвестициялар құю мен сауда жасауды жеңілдету үшін экспорттық несиелерді пайдалануды қарастырып отырғаны аталды.