АҚШ пен Иранның Римдегі келіссөзі қалай аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM – Келіссөзге қатысушылар кездесудің жұмыс сипатын атап өтіп, даулы мәселелерді одан әрі талқылауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Римде Иран мен АҚШ-тың ядролық бағдарлама және санкцияларды жою жөніндегі келіссөзінің бесінші раунды аяқталды. Кездесу, алдыңғы раундтар сияқты Оманның делдалдығымен өтті және қатысушылардың айтуынша, тыныш және кәсіби жағдайда өтті. Алайда түпкілікті келісімге қол жеткізілген жоқ.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мен АҚШ президентінің Таяу Шығыс бойынша арнайы елшісі Стив Уиткофф қатысқан келіссөз Оман Сыртқы істер министрі Саид Бадр әл-Бусаидидің қатысуымен жабық форматта өтті.
Иран СІМ баспасөз хатшысы Исмаил Багаидің мәлімдеуінше, бесінші раунд кәсіби, сабырлы және оңтайлы жағдайда өтті. Ол толық ақпарат кейінірек берілетінін қосып айтты.
Иран делегациясының құрамында сондай-ақ Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Маджид Тахт-Раванчи, министрдің халықаралық және құқықтық істер жөніндегі орынбасары Казем Гарибабади және басқа да дипломаттар мен сарапшылар болды.
Set to travel to Rome for 5th round of indirect talks with the United States.
— Seyed Abbas Araghchi (@araghchi) May 22, 2025
Figuring out the path to a deal is not rocket science:
Zero nuclear weapons = we DO have a deal.
Zero enrichment = we do NOT have a deal.
Time to decide...
Римге кетер алдында Аракчи X әлеуметтік желісінде келіссөздің негізгі тезисін жариялады:
- Мәмілеге апаратын жол – жоғары математика емес: Ядролық қару жоқ = бізде мәміле БАР. Нөлдік байыту = бізде мәміле ЖОҚ. Шешім қабылдау уақыты келді.
The fifth round of Iran US talks have concluded today in Rome with some but not conclusive progress. We hope to clarify the remaining issues in the coming days, to allow us to proceed towards the common goal of reaching a sustainable and honourable agreement.
— Badr Albusaidi - بدر البوسعيدي (@badralbusaidi) May 23, 2025
Келіссөз қорытындысы бойынша Оман Сыртқы істер министрі Саид Бадр әл-Бусаиди бесінші раундтың белгілі бір ілгерілеушілікпен аяқталғанын, бірақ түпкілікті ілгерілеу емес екенін мәлімдеді.
- Бүгін Римде Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздің бесінші раунды біршама, бірақ нақты емес ілгерілеумен аяқталды. Тұрақты және лайықты келісімге қол жеткізу үшін алдағы күндері қалған мәселелерді нақтылаймыз деп үміттенеміз, - деп жазды министр Х әлеуметтік желісінде.
Еске сала кетсек, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен ядролық келісімге «өте жақын» екенін және Тегеран оның шарттарымен келіскенін айтты.