АҚШ пен Канадада бұрын-соңды болмаған аптап ыстық күтілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің (NWS) болжамынша, Вашингтон мен Орегон штаттарының барлық аумағында, сондай-ақ Калифорния мен Айдахоның көптеген ауданында қатты ыстық болады. Күннің қатты ысуы кейбір жағдайларда өмірге қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Бірқатар қалада кондиционері бар арнайы орталықтар ашылды, онда қажет болған жағдайда адамдар салқындай алады.

Мамандар температураның күрт көтерілуін АҚШ-тың солтүстік-батысы мен Канада бөлігінің үстінде пайда болған жоғары қысымды аймақпен түсіндіреді.

Алайда, қауіпті ескертулерге қарамастан, көптеген адамдар күндерін көлдер мен бассейндердің жанында өткізуді жөн көреді.


Соңғы жаңалықтар