АҚШ пен Қытай маусымда мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін саммитті талқылады

АСТАНА. KAZINFORM — Вашингтон мен Бейжің арасында президент Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің қатысуымен маусым айында АҚШ-та өтуі мүмкін «туған күн саммитін» алдын ала талқылау басталды, деп хабарлайды Investing. 

США и Китай обсуждают июньский саммит с участием глав государств
Фото: Xinhua

Уақыт кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені екі басшының да туған күні маусым айында болады. Си Цзиньпин 1953 жылы 15 маусымда, ал Дональд Трамп 1946 жылғы 14 маусымда дүниеге келген.

Осы кезеңде әлі ештеңе расталған жоқ, деп хабарлайды Wall Street Journal. Ақ үй де, АҚШ-тағы Қытай елшілігі де жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Экономикалық қысымның күшеюіне байланысты тараптар тарифтердің одан әрі көтерілуіне жол бермеу немесе кем дегенде бажды арттыруды кешіктіру үшін келіссөздер жүргізуге ұмтылып жатыр. 

Бұған дейін Дональд Трамп Қытай тауарларына баж салығын 20 пайызға дейін көтергенін жазған болатынбыз. 

Өткен аптада Трамптың Канададан, Мексикадан, Қытайдан импортталатын жаңа тарифтері күшіне енді. 

Қытай Сыртқы істер министрі АҚШ-ты тарифтер мен сауда соғысы саясатын қайта қарауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар