12:51, 08 Шілде 2017 | GMT +5
АҚШ пен Корея ӘӘК КХДР-дағы зымыран сынағына жауап ретінде әскери жаттығу өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ және Корея ӘӘК Гуам аралындағы америкалық екі стратегиялық бомбалаушы B-1B Lancer ұшағының қатысуымен бірлескен оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлады Yonhap агенттігіне сілтеме жасап ТАСС.

Жаттығу Корея Республикасының оңтүстік-батысында Канвондо провинциясындағы полигонда өтті. Онда корейлік жойғыш F-15K және F-16 ұшақтары да жұмылдырылды. Маневр сценарийі бойынша ұшқыштар КХДР-дағы негізгі нысандарға соққы жасады. Корея Республикасы ӘӘК қолбасшылығы жаттығу Пхеньяндағы зымыран сынағына жауап екенін атап өтті.
Сейсенбіде КХДР Орталық телевидениесі «Хвасон-14» құрлықаралық баллистикалық зымыранды алғаш рет сәтті ұшырғанын хабарлаған. Сәрсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Корей жарты аралындағы жағдай бойынша шұғыл отырыс өткізді. Онда АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли Пхеньянға әскери күш қолданатынын айтып сес көрсеткен, сондай-ақ елге қарсы қатаң санкция, қарар дайындап жатқанын хабарлаған.