АҚШ пен Корея әскери жаттығуды кейінге қалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ пен Корея Республикасы көктемге жоспарлаған бірлескен әскери жаттығулар мерзімін өзгерту туралы келісімге келді, деп жазады Синьхуа.
Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин мен АҚШ басшысы Дональд Трамп Қысқы Олимпиада ойындарының өтуіне байланысты осы көктемге жоспарланған бірлескен әскери жаттығулар мерзімін ауыстыруға уағдаласты.
Бұл мәселе екі ел басшыларының телефон арқылы әңгімесі барысында талқыланды.