АҚШ пен Куба қарым-қатынасын қалпына келтіру мәселесі талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік департаменті келесі аптада АҚШ және Кубаның жұмыс тобы кездесіп, дипломатиялық қатынастарды қалыпқа келтіру жайын қарастыратынын хабарлады, деп жазады «ВВС» агенттігі.

АҚШ пен Куба қарым-қатынасын қалпына келтіру мәселесі талқыланады

Мемдепартаменттің ресми өкілінің айутынша, келесі бейсенбі күні Гавана мен Вашингтонда елшіліктер ашу мәселесі талқыланады.

Өткен айда Барак Обама Кубаны лаңкестікке демеу жасайтындардың тізімінен алып тастайтынына сөз берген.

Дипломатиялық қарым-қатынасты орнату үшін Гавана қойған талаптардың бірі аталған тізімнен елді алып тастау болатын.