АҚШ пен Мексика шекарасында контрабандашылардың ең ұзын туннелі табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ пен Мексика шекарасында контрабандашылардың ең ұзын туннелі табылды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
«Америкалық шенеуніктер Мексикамен шекарадан ең ұзын туннельдің табылғанын мәлім етті», - делінген хабарламада.
1313 метрлік туннельде лифт, рельстік жол, дренаждық және вентиляциялық жүйе мен жоғары қуатты электр сымдары бар.
Туннель Мексиканың Тихуана қаласын Калифорниядағы Сан-Диего ауданымен байланыстырып тұр.
Туннель табылған кезде ешкім тұтқындалмады және есірткі табылған жоқ.
Туннельді кім салғаны да белгісіз.