АҚШ пен Мексиканың арасындағы шекарадан құпия туннель табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Калексико қаласында АҚШ-Мексика шекарасының астымен өтетін туннель табылды, деп жазады The Los Angeles Times.

АҚШ пен Мексиканың арасындағы шекарадан құпия туннель табылды

АҚШ-тың кедендік-шекаралық қызметі өкілінің айтуынша, туннельдің ені бір метр шамасында, ал ұзындығы 43 метрге жетеді. Мексикада туннельден шығатын орын шекарадан небәрі 18 метр қашықтықта.

Әзірге ресми органдар бұл құпия жолдың не мақсатпен қазылғаны жайлы хабарламай отыр.