АҚШ пен Оңтүстік Корея ең ірі оқу-жаттығуларын бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасы мен АҚШ-тың Қарулы күштері бүгін таңертең Оңтүстік Кореяда Vigilant Ace («Қырағы шебер») бірлескен оқу-жаттығуын бастады, деп жазады ТАСС.

АҚШ пен Оңтүстік Корея ең ірі оқу-жаттығуларын бастайды

8 желтоқсанға дейін жалғасатын оқу-жаттығуға қатысу үшін бұл елге F-22 Raptor алты жойғышы және F-35A көзге аса көрінбейтін алты бомбалаушы-жойғышы жеткізілді. Маневрлер КХДР-дің 29 қараша күні «Хвасон-15» құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырумен байланысты Корея түбегіндегі шиеленістердің жаңа көрінісі аясында өтпек.

Ауқымды оқу-жаттығуға АҚШ пен Оңтүстік Корея қарулы күштерінің 12 мың әскери қызметшісі мен 230-дан астам ұшағы қатысады.

Yonhap агенттігінің атап өтуінше, бұл АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға алты бірдей Raptor жойғышын жіберіп отырған алғашқы оқу-жаттығуы және бұл «екі одақтас елдің КХДР-ға қысым жасау ниетімен күштерін көрсету» болуы мүмкін.

Оңтүстік Корея тарапынан жаттығуға F-15K, KF-16, F-5 ұшақтары және өзге әскери машиналар қатысады.