АҚШ пен Орталық Азия елдері «Business 5+1» платформасын іске қосып жатыр

Госдепартамент США
Фото: АҚШ Мемлекеттік департаменті

АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан «С5+1» ынтымақтастығы аясында «В5+1» бизнес-платформасын іске қосуда. Каzinform агенттігінің тілшісі бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа бастама аясында өңірлік экономикалық интеграция мен реформаларды дамыту, мемлекеттік-жекеменшік диалог, инновациялар мен аймақ елдеріне шетелдік инвестиция тарту арқылы экономикалық қауіпсіздікке баса назар аударылады.

Хабарланғандай, жаңа бизнес-платформа аясындағы алғашқы кездесу 2024 жылы Алматыда өтеді.

Бұған дейін Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығы жанындағы Есепті инвестициялар орталығының директоры Эрик Хонтц Орталық Азия - әлемде табыс деңгейі орташа, толық капиталдандырылмаған аймақтардың бірі екенін атап өтті.

Осыған байланысты нақты инфрақұрылымға инвестиция тарту, Алматы, Бішкек, Ташкент және т.б. сияқты халық тығыз орналасқан қалалар арқылы теміржол және автомобиль қатынасы қажет.

“B5+1” бизнес бастамасы - оң қадамдардың бірі, онда Құрама Штаттар аймаққа экономикалық интеграцияға қол жеткізуге көмектесуде жетекші рөл атқара алады.

Биылғы жылдың қыркүйегінде Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында өткен “С5+1” Саммиті барысында АҚШ президенті Джо Байден экономикалық ынтымақтастық саласында “С5+1” шеңберінде жаңа бизнес-платформаның құрылғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар