АҚШ пен Ресей бір-біріне жау емес ? Ричард Хоугланд

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - АҚШ пен Ресей бір-біріне жау емес. Олар, керісінше – бір-бірімен жақсы қарым-қатынастағы достас мемлекеттер. Бұл туралы бүгін АҚШ-тың елордадағы елшілігінде журналистермен жүздескен Құрама Штаттардың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ричард Хоугланд мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, мемлекеттер арасында келіспей қалатын мәселелер кездесіп жатады. Дегенмен, екі елдің көзқарастарының көпшілігі бір жерден шығады. «АҚШ пен Ресейдің тап қазіргі таңдағы келісіп отырған мәселелерінің бірі ? Ауғанстанды лаңкестік пен есірткіден ада, тұрақты дамып келе жатқан бейбіт мемлекетке айналдыру болып отыр. Бұл бағытта мен екі мемлекет өкілдерінің де бірлесіп жұмыс жүргізетініне сенімдімін», деп атап көрсетті елші.
Соңғы жаңалықтар