АҚШ пен Ұлыбритания хуситтерге ауыр соққы жасады

АҚШ пен Ұлыбритания қарулы күштері Йемендегі хуситтердің нысандарына бірқатар шабуылдар жасады. Бұл туралы ТАСС «Al Masirah» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Хусеит
Фото: Al Masirah

Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Ходейда провинциясындағы «Рас-Иса» порты аумағына кемінде үш әуе шабуылы жасалғаны атап өтілді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ, «Ансар Алла» қозғалысы Газа секторындағы қақтығысқа байланысты Израиль аумағына шабуылдар жасайтынын және онымен байланысты кемелердің Қызыл теңіз бен Баб әл-Мандеб бұғазы арқылы өтуіне жол бермейтінін мәлімдеді.

АҚШ шенеуніктері Қызыл теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету және кемелерді қорғау үшін халықаралық коалиция құру және Prosperity Guardian операциясына дайындық туралы хабарлады.

Ақпарат үшін, өткен жылдың қараша айының ортасынан бері хуситтер Қызыл теңіз бен Аден шығанағында Израильге қарасты ондаған кемелерге шабуыл жасады.