АҚШ пен Үндістанның компьютерлерін істен шығарған жаңа вирус өзге елдерге де жедел таралып жатыр

Әзірге бұл вирус АҚШ пен Үндістанда тарап үлгерген.
Сnews.ru хабарлағандай, Symantec компаниясының зерттеу тобының мәліметтеріне сәйкес, бұл -Symantec сарапшылары Trojan.Milicenso деп атаған зиянды бағдарламалық қамсыздандыру жүйесі. Ол көбінесе АҚШ пен Үндістанның компьютерлеріне зиян келтіріп жатыр, алайда қазірдің өзінде Еуропа мен Оңтүстік Америка елдерінде кеңінен тарай бастады.
Trojan.Milicenso-мен зақымданғаннан кейін принтерлер бүкіл қағазды тауысқанша түсініксіз таңбалы парақтарды басып шығарады. Мамандардың айтуынша, бұл вирус Windows операциялық жүйесінің негізіндегі компьютерлерді ғана зақымдап, электронды хаттарға қыстырылған зиянды файлдар немесе түрлі зиянды скриптті веб-сайттар арқылы таралады. АҚШ пен Үндістаннан басқа Trojan.Milicenso-дан Бразилия мен Британияның компаниялары зардап шегіп үлгеріпті.
Алайда сарапшыларға құлақ ассақ, басып шығару жүйесінің мұндай бұзылысы зиянкестердің арнайы мақсатының емес, жасалған әрекеттердің жанама салдары көрінеді. Мамандардың пікірінше, бұл зиянды бағдарламалық қамсыздандыру жүйесі тұтынушыларды онлайн-жарнамасы бар веб-парақтарға бағыттау мақсатында жасалған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.