АҚШ полицейлері түрмедегі бүлікті экскаватордың көмегімен басты

 АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ полициясы Делавэр штатындағы Смирна қаласы түрмесіндегі кедергілерден өтіп, бүлікті басу үшін экскаватор қолданған.

АҚШ полицейлері түрмедегі бүлікті экскаватордың көмегімен басты

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні тұтқындар бірнеше қызметкерді кепілдікте ұстап, түрмені басып алды. Қылмыскерлер түрме жағдайын жақсартып, елдегі пенитенциарлық жүйені реформалауды талап еткен. Одан бөлек, олар АҚШ президенті Дональд Трамптың іс-әрекеттеріне наразы екендерін мәлімдеді.

Тәртіпсіздіктер кезінде түрме бақылаушыларының бірі ажал құшты, деп хабарлады РИА Новости. Кепілге алынған өзге қызметкерлер аяусыз соққыға жығылған.