АҚШ полицейлері үш айда 256 адамды атып өлтірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық полицейлер қызметтерін атқару барысында үш айдың ішінде 256 адамды атып өлтірген, деп хабарлайды 24.kz.

АҚШ полицейлері үш айда 256 адамды атып өлтірген

«2016 жылғы наурыздың аяғында полицейлер 256 адамды атып өлтірген. Бұл сан өскен сайын қоғамдағы наразылық та артып келеді», - деп хабарлайды The Washington Post.

Ал өткен жылы АҚШ-та тәртіп сақшыларының қолынан 990 адам көз жұмған. Ол адамдардың көпшілігі бейбіт тұрғындарға және полицейлерге қауіп төндірген.