АҚШ полициясы әнші Гриммиді атқан адамның аты-жөнін анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка полициясы «Дауыс» шоуының бұрынғы қатысушысы, әнші Кристина Гриммиді атып өлтіріп, кейін өзіне қол салған адамның аты-жөнін анықтады, деп жазады ВВС аганеттігі.

Әншіні концерттен кейін атып тастаған адам 27 жастағы Кевин Джеймс Лойбл есімді Флорида штатындағы Санкт-Петербуг қаласының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы Орландо полициясының «Твиттердегі» парақшасында хабарланды.

Оның басқа қаладан әншіні өлтіру үшін арнайы келгені, өзімен бірге екі револьвер мен аңшы пышағын ала келгені туралы полиция бұған дейін хабарлаған болатын. Ол жұма күні кеште 22 жастағы әншіні концерттік бағдарламадан кейін тыңдармандарына қолтаңба беріп жатқан кезде атқан болатын.

Соңғы жаңалықтар