АҚШ президенті Ауғанстан операцияларына шығынды қысқартпақ

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама 1 қазаннан басталатын 2014 қаржы жылында Ауғанстандағы операцияларға 79,4 млрд. доллар шығындауды ұсынып отыр. Бұл бұған дейінгі шығындардан 10 пайызға кем, деп хабарлады BBC.

АҚШ президенті Ауғанстан операцияларына шығынды қысқартпақ

2014 жылдан кейін Ауғанстандағы американдық әскери контингент күрт қысқаруы тиіс. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі өкілінің атап өтуінше, шығыстардың қысқаруы Ауғанстандағы әскерилер санының азаюымен тікелей байланысты. Дегенмен ел президенті аталған елден қанша әскери қызметші шығарылатындығын нақты шешкен жоқ.