АҚШ Президенті Барак Обама Хиросимаға барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барак Обама 1945 жылы АҚШ-тың бастамасымен атом бомбасы тасталған Жапонияның Хиросима қаласына барады. Бұл туралы www.24.kz RТ телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасы 1945 жылдың 6 және 9 тамызында тасталған. Осы зұлматтың салдарынан 250 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын.