АҚШ президенті көші-қон туралы жарлыққа қол қоймақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы аптада терроризмнің алдын алу үшін шетел азаматтарының елге келуін шектейтін жаңа жарлыққа қол қоюы мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Ақ үй басшысы өз кезегінде жаңа заң бұл жолы тұрғындардың көңілінен шығатын болуы керек екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада апелляциялық сот Президенттің 7 елдің азаматтарына Америкаға кіруге рұқсат бермеу туралы жарлығын жүзеге асыруды тоқтату жөнінде шешім шығарған болатын.
Ал, әділет министрлігі шешіммен келіспейтіндерін мәлімедеді. АҚШ президенті аталмыш жарлыққа 27 қаңтарда қол қойды. Заңға сәйкес Сирия, Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан мен Йемен азаматтарына елге кіруге рұқсат етілмеді.